ЗК-169/4 МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАНЫНАН КІРПІШ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамту Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында Тартоғай ауылынан кірпіш зауытын ашу Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысының күн тәртібіне бірнеше рет шығарылып, шешу жолдары қарастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобынан хабарлады.
Нәтижесінде, «Сыр Суы и К» ЖШС-і мен «Байконыр» әлеуметтік-кәсіпкерлікті қолдау корпорациясы Ұлттық корпорациясы» АҚ-мен бірігіп, «Байсер Кірпіш Зауыты» ЖШС-і құрылды. Бұл инвестициялық жобаның мақсаты жаңа кірпіш зауытын салу және жылына 3,5 миллионнан 8 миллионға дейін кірпіш шығару.
ЗК-169/4 мекемеcі жанынан жаңа кірпіш зауыты үстіміздегі жылдың 30 мамырында ашылған бұл зауытта қазір 21 сотталған жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінгі күнге ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды жұмыспен қамту 100 пайызға жетті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында соның ішінде Қызылорда облысында құрылыс стратегиялық маңызды және белсенді дамып келе жатқан сала болып табылады. Бұл кірпіш зауытының өнімдері облысымдағы құрылыс саласын қажетті, сапалы кірпіштермен қамтамасыз ететін болады.
Бизнес жоспарға сәйкес 73 жұмыс орны ашылады, оның 61-і жұмысшылар, 12-і инженер-техникалық мамандар.
Жаңадан ашылған кірпіш зауытына негізінен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар жұмысқа алынбақ.