БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТІЛУДЕ
Осыдан тура 60 жыл бұрын жер кіндігі саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғаш ракета ұшырылды. Айтулы дата кешелі-бүгін Байқоңыр қаласында мерекеленуде. Әлемде теңдесі жоқ алып ғарыш айлағының мерейтойына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Адамзаттың ғаламат туындыларының бірі – Байқоңыр космодромы. Жер бетіндегі алғаш салынған ғарыш айлағынан әлі күнге дейін дүниежүзі бойынша ең көп зымыран ұшырылады. Жер кіндігі саналатын Байқоңыр қазірде мерейтойлық сән-салтанат кейіпіне енген. Кеше Байқоңырға алыс-жақыннан арнайы ат арытып келген меймандар мәдениет үйінде бас қосты. Ғарыш саласының ардагерлері космодромның қалыптасу кезеңі туралы баяндады. Сала жұмысын жандандыруға үлес қосқандар 20 адамға «Байқоңырға – 60 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табыс етілсе, бірқатар азаматтар екі елдің тиісті министрліктерінің «Құрмет» және «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Салтанатты шара барысында қонақтар назарына Байқоңырдың тарихынан сыр шертетін көрме ұсынылды. Келушілер алып кешеннің әр кезеңдердегі даму сатысына шолу жасады.
Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары ғарыш техникасын құрастырушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, салтанатты шара «Онжылдық» стадионында жалғасты. Айырықша еңбегі сіңген 4 адамға «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Шара әскери ансамбльдің концертімен жалғасады. Сондай-ақ Байқоңыр сахнасында КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ән шырқайды. Одан кейін жас өнертапқыштардың қолдан жасап шығарған зымыран модельдері ұшырылды.
Жалпы Байқоңырдан осы 60 жыл ішінде 200-ден астам адам ғарышқа ұшты. Зымырандардың 40 түрі ұшырылды. Қазірде қазақ елі Ресей Федерациясымен тізе қосып, ғарышты игеру жолында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Меймандар «Байқоңыр» ғарыш айлағының мұражайымен және Қорқыт ата кешеніне саяхат жасады.
Кешкілік екі елдің өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концертпен жалғасып, мерекелік отшашу атылды.