Б.САҒЫНТАЕВ Д.РОГОЗИНМЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАРЫШКЕРДІҢ ХҒС-ҒА ҰШУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Байқоңыр» кешенінің 60 жылдығына арналған шараларға қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.
Қаза тапқан сынаушы-жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған Бақытжан Сағынтаев ресми шараларға қатысып, қала тұрғындары мен Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлерін және ардагерлерді мерейтоймен құттықтады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихи және ғылыми-техникалық маңызын түсінген Қазақстан мен Ресей оны ары қарай дамыту бойынша жұмыстарды жүргізіп отыр. Қазақстан мен Ресей Федерациясы президенттерінің қолдауымен аталған ғарыш айлағы әлемдік ғарыш саласының дамуында көш бастап келеді. Ол екі ел арасындағы өзара тиімді ықпалдастықтың, ғылыми-техникалық прогрестің символы іспетті», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен келіссөздер жүргізді. Олар «Байқоңыр «кешенінің ары қарай дамуын, қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына ұшу туралы мәселені және «Бәйтерек» пен «Днепр» бағдарламаларының болашағын талқылады.