«БАЙҚОҢЫР» ӘЛЕМДІК ҒАРЫШКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ АВАНГАРДЫНА КІРЕДІ
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Байқоңыр» қаласының 60 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.
Ғарышкер сынақшы-сарбаздардың мемориалына гүл шоқтарын қою шарасынан кейін Бақытжан Сағынтаев ресми мерекелік іс-шараларға қатысып, Байқоңыр қаласының тұрғындарын, ғарыш айлағының жұмысшылары мен ардагерлерін мерейтойлық мерекемен құттықтады.
«Байқоңырдың тарихи және ғылыми-техникалық маңызын ескере отырып, Қазақстан мен Ресей оны сақтап қала алды және дамыту жұмыстарын әлі де жалғастырып келеді. Қазақстан мен Ресей Федерациясы Президенттерінің үздіксіз қолдауының арқасында ғарыш айлағы әлемдік ғарышкерлікті дамытудың авангардында тұр, ғылыми-техникалық прогрестің символы, қос мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі», - дейді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары.