ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ КӨПІР ҚАЙТА САЛЫНАДЫ
Жалағашта 11 ауыл мен аудан орталығын жалғап тұрғын жалғыз көпір көпшілікке қауіп төндіріп тұр. Бүгін Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көпірдің қайтадан салынатындығын мәлімдеді.
1967 жылы салынған өткелдің жиектері мүжіліп, жарықшақтар пайда болған. Мамандар оның астыңғы тіреуіш бағанының орнынан қозғалып кеткендігін айтып отыр. Маусым айында аудан әкімінің шешімімен техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Содан «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы күшімен көпірдің асфальт төсеніштерін ротарлы трактормен қыршып, темір бетон құю үшін арматурлармен тоқып, бетон құю жұмыстары жүргізілді. Бұған шамамен 19 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Дегенмен, жұмыстар өз нәтижесін берген жоқ. Қазір аумақ күндіз-түні бақылауға алынған.
– Аудан халқы үшін бұл көпірдің маңызы жоғары. Халықтың 48 пайызы осы көпір арқылы қатынайды. Күзгі егін науқаны жақын қалды. Олар еш кедергісіз жаз бойғы маңдай терлерінің нәтижесін көрулері қажет. Ол үшін көпірді қалпына келтіруіміз керек. Тиісті министрліктер қаржы бөлуге дайын. Енді іске кірісу қажет, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Алдын ала жоба бойынша көпірге 495 миллион теңге қаржы жұмсалып, құрылыс жұмыстары қысқа дейін аяқталмақ.