ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ШАРАПАТЫН КӨРУДЕ
Жаңа технологиялар шарапатын Сыр елінің шалғайдағы ауыл тұрғындары да көре бастады. Бұл туралы бүгін «Қазпошта» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы директоры Әнуарбек Әбдімомынов «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында хабарлады.
«Қазпошта» АҚ-ның трансформациялау бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы мен компания арасындағы әріптестік қатынас орнаған соң ауылдағы ағайындар «Skype» бейне-қоңырау арқылы алыс-жақын туыстарымен дидарласып, хабар алысып мәре-сәре. Сондай-ақ, заман үдерісінен қалмай интернет-дүкен арқылы сауда жасауға мүмкіндік алған ауыл тұрғындары үшін жаңа табыс көзі ашылғалы тұр.
«Ендігі жерде шалғайдағы ауыл тұрғындары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына «Қазпочта» бөлімшелерінде орнатылған бейне конференс-байланыс арқылы өтініштерін беріп, депутаттарға өздерінің сауалдарын қоя алады. Интернет желісін қолдана алмайтын азаматтарға бөлімшенің жауапты қызметкері көмек көрсетеді»,- дейді Әнуарбек Әбдімомынов.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА