ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ СОЛТҮСТІК АРАЛДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ
Президенттің атына жеделхат жолдаған аралдықтар Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау (САРАТС) жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылатыны туралы хабарды Арал ауданы тұрғындары қуанышпен қабылдағанын айтады, деп жазады BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Сіз теңіз тартылған кезде үдере көшкен халықты ата қонысқа қайтардыңыз, сөнген үмітті қайта жағып, күдікті үмітке алмастырдыңыз, ата кәсіпті жандандыру арқылы еңбек пен ерліктің биік үлгісін көрсеттіңіз», - делінген хатта.
Соңында Арал ауданының тұрғындары теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар үшін алғыстарын білдірген. Сондай-ақ олар жалпы еліміздің даму қарқынын, қоғамда қалыптасқан татулық пен тыныштықты атап өткен.