ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА СЫРДАРИЯДА ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІ САЛЫНАДЫ
Қызылорда облысында «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» халықаралық жобасының екінші кезеңін іске асыру аясында Сырдария өзенінде жаңа көпірлер мен халықты су тасқынынан қорғайтын бөгеттер пайда болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қызылорда өңірінде САРАТСС жобасы екінші сатысының сегіз компонентінің алтауы жүзеге асырылады. Оладың қатарында Қызылорда аймағында, облыстың Қармақшы және Қазалы аудандарында Сырдарияда қорғаныс бөгеттерін салу, Қазалы ауданының Бірлік ауылында көпір салу, Қамыстыбас және Ақшатау көл жүйелерін қалпына келтіру секілді маңызды жобалар бар», -дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.
САРАТСС-2 міндеттерін орындау нәтижесінде Кіші Арал акваториясының аумағы 3151-ден 4645 шаршы метрге дейін ұлғаяды деген болжам бар.
«Аталған жобаның екінші сатысын іске асыру нәтижесінде 63 мың гектар суармалы жерді үнемі сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ 250 мың гектар жайылымдық және шабындық жерді суландыруға мүмкіндік пайда болады. Аграрлық сектор үшін мұның маңызы өте зор», - деп нақтылады Әміреев.