БҮГІН ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛАДЫ
2-8 маусым аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі.
2004 жылдан бастап, 11 жылдың ішінде ҰБТ-ға 1 миллион 422 мың мектеп бітіруші қатысқан, бұл бітірушілердің жалпы санының 80 пайызын құрайды. Ағымдағы жылы ҰБТ өткізу пункттерінің саны тағы 10-ға көбейді, олар облыстардың шалғай аудандарында: Ақтөбе (Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандары); Алматы облысы (Іле ауданы); Атырау (Исатай ауданы); Қарағанды (Ақтоғай ауданы); Қызылорда (Жалағаш ауданы); Шығыс Қазақстан (Абай ауданы, Курчатов қ) және Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің базасында ашылды. Жалпы мұндай пункттер саны республикада 165-ке жетті, оның 116-сы аудан орталықтарында, 49-ы облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілген болатын. Биылдан бастап кәмелеттік аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаның қорытындысы бойынша орташа арифметикалық сомасындағы құрамдық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады. ҰБТ-ның форматы өзгерген жоқ.
Жыл сайын тест тапсырмаларының базасы 20-30%-ға жаңартылып отырады.
Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында ҰБТ өткізу кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының өтініштері мен шағымдарына жедел ден қою үшін ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар құрылады. Министрлік жанынан Республикалық штаб жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап ҰБТ қорытындысы құпия ақпарат болады, оны жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша ғана білуге болады. Алған балл тізімінде бітірушінің тегі ЖСН-мен алмастырылады. Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Сервиске қол жеткізу үшін ЖСН мен емтихан басталар алдында берілетін жеке кодты енгізу талап етіледі.
2015 жылы Қазақстан Республикасында мектепті 124379 түлек бітірді; оның ішінде ҰБТ-ға қатысуға 87 782 өтініш берілді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 71% құрайды. Оның 62 384-і қазақ тілінде, 25 398-і орыс тілінде оқыған мектеп бітірушілер. 2015 жылы ҰБТ-ға алғаш рет 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған бітіруішлер қатысады. Оларға арналып 12 жылдық білім беру бағдарламасы негізінде тест тапсырмалары базасы әзірленді.