ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 25.05.2015 жылғы №29 Жарлығымен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы тағайындалды.
Сағатбек Болатбекұлы 1962 жылы 13 тамызда Қызылорда облысы Жосалы кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын туған жерінде құрылысшы болып бастаған.
1982-1987 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқып, «заңгер» мамандығын алған.
1987 жылдың тамыз айынан Қармақшы аудандық ауыл шарушылығы басқармасында заңгер, 1988-1992 жылдары Шиелі, Қазалы аудандық прокуратурасында стажер, тергеуші; 1992 жылдың маусым айынан Қызылорда облыстық прокуратурасында тергеу бөлімінің прокуроры және прокурор-криминалист, 1994 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, 1995 жылдың ақпан айынан Семей облысы Курчатов қаласы № 9357 әскери бөлімінің арнайы прокуроры, 1997-2002 жылдары – Байқоныр қалалық прокуроры, 2002 жылдың шілде айынан Қызылорда облыстық прокурорының атқарушылық өндірісі саласы бойынша аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 21 тамыздағы Жарлығымен Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Одан кейін, 2007-2011 жылдар аралығында Шиелі аудандық сотының төрағасы, 2011 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы қызметін атқарған.
Жаңа басшыға зор денсаулық, абырой және сәттілік тілейміз!
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі