ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Жаңа маусым, жаңа жұмыс аптасы жаңалықпен басталды. Бүгін Қызылорда қалалық №2 сотында кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №29 Жарлығына сәйкес, Қалымбет Бақытжан Мүслімбекұлы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Қызылорда қалалық № 2 сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев бүгін, яғни 2015 жылдың маусым айының 1 жаңадан тағайындалған төрағаны ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.