Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырылған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған жыл сайынғы жоба шеңберіндегі«Шерлі шежіре аманаты» халықаралық форумына қатысты.
Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы«Қазақ халқына мың алғыс»монументі алаңында Еске алу акциясына, «Батыс Қазақстан облысының тарихы – жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты құжаттық-экспонаттық көрмесіне қатысып, «Мәңгілік Ел» - ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына арнап кіріспе сөз сөйледі. Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарихи мұраны зерделеу және сақтау, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ілгерлетуге бағытталған жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Конференцияда сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, белгілі қазақстандық ғалымдар, ТМД, АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.
Түстен кейін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей ордасы ауданында орналасқан Бөкей ордасы тарихи-мұражайлық кешенде болды. Г.Әбдіқалықова кешендегі тарихи экспонаттармен танысып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Анықтама: Ордадағы тарихи музей 1962 жылы 15 желтоқсанда ашылып, 2002 жылы тарихи-музейлік кешен мәртебесіне ие болды. Оның құрамына: «Бөкей ордасы тарихының» музейі, «Тәуелсіздік»музейі, «Хан сарайының қару-жарақ палатасы» музейі, «Бөкей ордасындағы халыққа білім беру» музейі, А.А.Сергачевтің үйі,1868 жылы салынған педагогикалық техникум ғимараты және 1997 жылы ашылған Жәңгір ханның, 1999 жылы бой көтерген Салық Бабажановтың және 2001 жылы ашылған Дәулеткерейдің мавзолейлері енген.
Мұражай кешенінің экспозициясы 1801 жылдан бастау алатын Ішкі немесе Бөкей ордасының орнығуы мен дамуының бай тарихын айшықтайды. Келушілерді белгілі реформатор және саясаткер Жәңгір ханның және оның жары Фатима ханымның өміріне байланысты экспонаттар ерекше қызықтырады. Жәңгір хан билік құрған (1824-1845 жж.) кезеңде Ішкі орданың саяси құрылымына, өңірдің қоғамдық және мәдени өміріне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Бөкей ордасының тарихы қазақ халқының саяси мәдениеті дамуының маңызды кезеңі болып табылады.
Бұған қоса, Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарының аясында Батыс Қазақстан облысының әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруда әйелдер қауымының белсенді қатысуы жәнеотбасы-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарының қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.