МӘЖІЛІС БЮРОСЫНДА ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ
Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.
Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымға құқықтық актілер туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен шығарылады. Палатаның жалпы отырысына азаматтық процессуалдық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша конституциялық заңдарға түзету енгізуді талқылау ұсынылды.
Мәжіліс депутаттарының қарауына ратификацияланатын бір топ заң жобасы шығарылмақшы. Олар: Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы Келісім мен азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы Конвенция. Сонымен қоса Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы қазақстан-ресей Келісімін ратификациялау да бар.
Күн тәртібінде Мәжіліске жаңадан келіп түскен заң жобалары да болды. Олардың қатарында - мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, сонымен қоса Қазақстан мен Литва арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау бар.