БАҚ-ТАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында журналистердің біліктілігін, БАҚ-тардың қоғамдағы рөлін арттыру, бәсекелестік орта қалыптастыруға жағдай жасау, ақпаратқа қолжетімділікті қалыптастыру және өзге де мәселелер қозғалды. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айдын Қайруллаев күн тәртібіндегі тақырыптармен таныстырды. Кездесу мақсаты – БАҚ-тың өзекті мәселелерін талқылау және алда келе жатқан қаламгерлердің кәсіби мерекесін атап өту жоспарымен бөлісу.
- Облыста 90 БАҚ бар. Оның 50 пайызы – қазақ тілінде, 10 пайызы – орыс тілінде және 40 пайызы аралас тілде шығады. Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына бөлінетін қаржы көлемі жөнінен Астана, Алматыдан кейін үшінші орындамыз. Мәселен, соңғы екі жылдың көрсеткіші бойынша 2013 жылы 400 миллион бөлінсе, өткен жылы 700 миллион қаржы қаралып, жылдан-жылға қолдау артып келеді, деді А.Қайруллаев.
Кездесуге қатысқан ардагер журналист Өтеген Жаппарханов журналистика саласындағы ерлер мен әйелдер салмағының теңсіздігін тілге тиек етсе, тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожа табысы төмен сала болғандықтан осындай мәселе қалыптасып отырғанын алға тартты. Сонымен қатар, басқа салалар секілді журналистика саласының үздіктерін марапаттауды ұсынды. Ал «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Ержан Байтілес ел аузындағы «Сыр журналистикасының деңгейі төмен» деген пікірмен келіспейтінін, қызылордалық қаламгерлердің деңгейі өзге облыстардағы әріптестерінен әлдеқайда жоғары екенін айтты.
Қатысушылар БАҚ мәселелерін үйлестіру кеңесін құру туралы ұсыныс көтеріп, алдағы уақытта тағы кездесуге уағдаласты.
Шынар БЕКБАН