20 ЕЛДІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ ОРАМЫ ЖОБАСЫН ҰСЫНАДЫ
28-29 мамыр күндері Астанада «Көптеген мүмкіндіктері бар жайлы үйді жобалау» атты студенттер арасындағы 11-халықаралық сәулет байқауының финалы өтеді.
Француздық «Saint-Gobain» компаниясының «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-мен бірлесе ұйымдастырып отырған байқауға әлемнің 20 елінен студенттік командалар қатысады. Жалпы алғанда, сайысқа 200-ге жуық студент қатысатын болады.
Жыл сайын байқау аясында жас сәулетшілерге бүкіл әлем бойынша мектептер, тұрғын ғимараттар, театрлар және тағы да басқа түрлі нысандарды жобалау ұсынылады. 2015 жылғы байқаудың тақырыбы - «Суық климатқа арналған тұрғын үй орамы - Астана, Қазақстан».
Әлемнің 20 елінен қатысатын жас сәулетшілер «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында салынатын энергия тиімділігі жоғары тұрғын кешендердің жобаларын ұсынады. Байқаудың қазылар алқасының құрамына белгілі қазақстандық және шетелдік сәулетшілер және «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының өкілдері кіріп отыр.