ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ БИЫЛ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТІЛЕДІ
Қызылордада жаз басталысымен барлық бала асыға күтетін мереке - 1 маусым биыл ерекше өткізілмек. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Жандос Базартай «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында хабарлады.
20 мамыр – 20 маусым аралығында өтетін айтулы күнге арналған барлық мерекелік-мәдени шаралар «Қазақстан балалары - Нұрлы жолмен!» ұраны аясында ұйымдастырылмақ. Акция тақырыптық блоктарға бөлініп, жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен өтеді.
Сонымен, 1 маусым күнгі мерекелік іс-шаралар легі «Бала және отбасы» блогы аясында облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 80 орындық отбасылық үлгідегі балалар ауылының салтанатты ашылуынан бастау алады. «Өмір мен мансапты жоспарлау» тақырыптық бөлімінде қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының паркінде техникалық бағыттағы жаңа үйірмелердің түрлерімен таныстыру мақсатында «Білімділер теңізі мен өнер аралдарына саяхат» атты шара өткізіледі. Акция аясында оқушыларға тарихы орындарға, ескерткіштерге, ескі қалалардағы мұражайларға, өлкеміздің көрнекті жерлеріне сынып бойынша экскурсиялар ұйымдастырылмақшы. Сондай-ақ, айлық барысында түрлі байқаулар, көркем өнер фестивальдері, спорттық жарыстар өтеді.
1-7 маусым аралығында 585 мүгедек балалардың қатысуымен өтетін апталық барысында тегін театрлық қойылымдар, кино көрсетілімдері, жарыстар ұйымдастырылады. Атаулы күні балғындардың алғашқы легін «Сырдария» тынығу лагерьлеріне шығарып салу рәсімі болады.
Жалпы, аймақта 1-10 сынып аралығындағы 44035 оқушы болса, жазғы демалыспен 85 пайызы қамтылды. Оның ішінде 650 оқушы облыс көлеміндегі демалу-сауықтыру лагеріне тартылса, 782 бала республикалық лагерлерде жазғы демалысын өткізбек. Қазіргі таңда қала бойынша 53 мектеп жанындағы күндізгі лагер жұмысын бастады.
Басқосуда Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік еңбек инспекторы Абылайхан Саржанов Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен!» акциясы шеңберінде "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” Ұлттық ақпараттық науқанының басталғанын мәлімдеді. Жылда 12 маусымда Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні аталып өтілетіні белгілі. Бұл науқанның мақсаты жазғы мезгілде балалар мен жасөспірімдердің жұмысқа орналасу кезеңінде олардың еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу болып табылады.
Айта кетейік, 1 маусым күні қалалық демалыс паркінде таңғы сағат 9.00-ден бастап түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. 2000 дана балмұздақ тегін таралып, сағат 15.00-ге дейін барлық аттракциондар тегін қызмет көрсетеді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА