Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ БЕРІЛГЕН
Қазақстанның әлеуметтік дамуының маңызды басымдықтарының бірі білім беру саласының мәселелерін шешу болып табылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөзконференциясы барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әсима Бимендина мәлімдеді.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Нұрлы жол» және 5 институционалды реформа экономикамыздың жақын уақыттағы қозғалтқышы ғана болып қоймай, ең алдымен жаһандық және ішкі сын-тегеуріндерге берген жауабымыз, жаңа тарихи жағдайларда дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жолындағы нақты қадамдарымыз болып табылады. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды басымдықтардың бірі білім беру саласының мәселелерін шешу болып табылады», - деп атап өтті спикер.
Атап айтқанда, «Ұлт жоспары – 100 кадамда» Президент ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адами капиталдың сапасын арттыру міндетін қойды. Осыған байланысты 12 жылдық білімді кезеңдеп енгізу, мектептерде білім берудің стандарттарын жаңарту, жоғарғы сыныптарда адам басына қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру көзделген.
Өткен жылдың қорытындылары бойынша 52 мектеп пайдалануға берілді. Олардың 8 – үш аусымды, 10 – апатты мектептердің орнына, 32 – орын тапшылығын төмендету үшін. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің жаңа мектептерді салу бойынша бағдарламаларды толық әрі табысты аяқтағанын ескере отырып, 2017 жылға қарай апаттылық пен оның басым мәселе болуы шешімін таппайтын болады. Осыған байланысты қосымша 70 млрд. теңге қаржыны бөлу қисынға сай болып келеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын шешу жөнінде елімізде іске асырылып жатқан «Балапан» бағдарламасы ТМД-ң басқа елдерінде жоқ.
«Елбасы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамтамасыз ету міндетін қойғанын ескере отырып, бұл мәселе үкіметтің қосымша күш салуын талап етеді. Осыған байланысты Президенттің мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын қысқартуға Ұлттық қордан қосымша қаражат бөлу туралы тапсырмалары толықтай негізделген, орынды және дер кезіндегі болып табылады», - деп қорытындылады депутат.