ЖҰМА КҮНІ РЕСПУБЛИКАНЫҢ КЕЙ АЙМАҚТАРЫНДА ҚАТТЫ ЫСТЫҚ БОЛАДЫ - ҚАЗГИДРОМЕТ
29 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөліктерінің кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, батыс бөлігінде екпінді жел тұрады, түнде солтүстік бөлігінің кей жерлерінде тұман түседі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай мен жел соғады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 18 м/с күшейеді, жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай түседі. Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық сақталады.