АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНІП, КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТУІМІЗ ҚАЖЕТ - Н.НАЗАРБАЕВ
Біз, қазақтар, әлемдік ғылымға, білімге орыс тілі арқылы шықтық. Қазір ағылшын тілін меңгеру арқылы көкжиегімізді кеңейтуіміз қажет, - деді ҚР Президенті Н. Назарбаев «Ресей 24» телеарнасына берген сұхбатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кадр дайындау және бес институционалдық реформаларға тоқтала келе, Мемлекет басшысы қазір Қазақстан мектептерінде үштілділік белсенді енгізіліп жатқандығын атап өтті.
«Бұл - қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Бұл жоғары сыныптарда толықтай ағылшын тілінде білім алуға көшуге негізделген. Кейін біртіндеп университеттерде табиғи ғылымға баса ден қойылады. Келешекке осылайша бет бұрдық. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде жастарды 22 жылдан бері оқытып келеді. 20 мыңға жуық адам шетелде білім алып, бүгінде экономика саласында еңбек етуде. Біз үшін бұл ерекше жетістік!» - деді Н. Назарбаев.
«Бұдан басқа, барлық облыста зияткерлік мектептер ашылды, онда үлкен байқау арқылы дарынды балалар жинақталады. Назарбаев университеті автономдық режімде жұмыс істеп жатыр. Оның арнайы заңнамасы бар. Барлық профессура шетелден, толықтай ағылшын тілінде оқытылады. 15 маусымда алғашқы түлектер бітіріп шығады. Бұл керемет дарынды балалар. Назарбаев университетіне түсуге 10 мың жас тілек білдірсе, тек қатаң сүзгіден өткен 500-і ғана қабылданады», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, ағылшын тілі - компьютер, әлемдік ғылым, мәдениет тілі.
«Біз, қазақтар, әлемдік ғылым мен мәдениетке орыс тілі арқылы шықтық. Бірақ қазір ағылшын тілін меңгеріп, көкжиегімізді кеңейте түсуіміз қажет», - деп сөзін түйіндеді Н. Назарбаев.