ЕЛОРДАДА ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ЕНГІЗІЛДІ
1 тамызда жүрдек және халықаралық пойыздарға жеңілдіктер жасалуда, деп «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлайды.
№19/20 «Атырау-Астана», №77/78 «Алматы-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана» жолаушылар пойыздарының «Гранд», «Бизнес» санатты вагондарында жүруге жеңілдіктер енгізілді. Енді мереке алды және мерекелік күндерінен басқа, демалыс күндері тарифтер жұмыс күндерінің деңгейінде болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
Бұл қызметтердің сапасын арттыру және жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жасалды. Қазіргі уақытта жүрдек жолаушылар пойыздарындағы қызметтердің қол жетімділігіне жағдай жасау үшін бірқатар жұмыстар қолға алынды. Таратылған хабарламаға сәйкес, «Тұлпар-Тальго» пойызының «Гранд» (СВ) вагонында қосымша санитарлық желімен және жеке душ бөлімі бар бес екі орындық купе бар. «Бизнес» санатты вагондарда (жеке санитарлық желісі жоқ екі орындық) «Гранд» вагондарында секілді жолаушылардың жайлылығы үшін отырғыштардың шынтақ таяныштарына жиналмалы шағын үстелдер орнатылды. Сондай-ақ, әр купе пойыз жолсерігімен байланыстыратын телефонмен жабдықталған.