КЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЛІГІНЕ 80 ТОННА ҚҰРАМА ЖЕМ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Елбасының тапсырмасы бойынша аграрлық секторды индустрияландыру мақсатында заманауи өңдеу кешендерін іске қосу жұмыстары жүргізіліп келеді. «Жан-Арай» агроиндустриалды кешенінде екі өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда.
Осыған сәйкес бүгін «Жан-Арай» ЖШС мен «Байқоңыр» ӘКК бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты. Шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен Ауылшаруашылығы Министрлігінің жауапты хатшысы Қайрат Евниев қатысты.
- Ауылшаруашылық зауыты еліміз үшін өте маңызды сала. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен бүгінде агроиндустриалды кешені жүзеге асуда. Жобаның мақсаты сапалы жеммен төрт түлік малды қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау. Зауыт барлық жабдықтары Германияда жасалған. Бір зауытта 60 орын, екінші зауытта 50 жаңа жұмыс орны ашыдып отыр, - деді Ауылшаруашылығы Министрлігінің жауапты хатшысы Қайрат Евниев.
- Жыл санап Сыр күрішшілері рекордтық өнім жинап, облыс бойынша 2013 жылы 49 центнерден, 2014 жылы 50 центнерден алып отыр. Ал мал шаруашылығына келетін болсақ, алдымызға қойған мақсат буферлік аймақтан шығып отырмыз. Бұл деп отырғанымыз өзіміздің етті экспортқа шығаруға мүмкіндік аламыз. Сондықтан Жаңақорған ауданында 7000 тонна ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорын құрылысын бастағалы отырмыз. Ал егін шаруашылығы бойынша қызанақты егіп, томат өндіретін екі кәсіпорынды, жүгеріні өңдейтін екі кәсіпорын құрылысын жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз. Біздің Қызылорда облысында өздеріңіз білесіздер, өңдеу өнеркәсібінің негізі мұнай мен уранға байланысты болатын. Енді соңғы екі жылда 82 пайызға өсті. Ал биылғы жылдың 4 айында 24,7 пайызға өсіп отыр, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Шынар БЕКБАН