СЕНАТОРЛАР "БӘЙТЕРЕК" ЗЫМЫРАН КЕШЕНІН ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Сенаторлар «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру мәселелерін талқылады. Палатаның халықаралық қатынастар жəне қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында айтылған мәліметке сәйкес, жобаға 223 млн доллар бөлінген. Бүгінде оның 82 млн доллары жұмсалып үлгерді. ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабековтың айтуынша, кешенді құру бағдарламасының құжаты дайын болғанымен, қазір ол тек қағаз жүзінде ғана қалып отыр. Ал үкіметтен алынған қаржыны қайтару уақыты жетті. Сондықтан аталған кешеннің маңыздылығын ескеріп, ақшаны қайтару уақытын 2019 жылға дейін созу қажеттілігі туындап отыр.
Бұл ұсынысты бүгін халықаралық қатынастар жəне қорғаныс пен қауіпсіздік Комитеті қолдап, алдағы Сенат отырысына қарауға жіберді.
Бұл ұсынысты бүгін халықаралық қатынастар жəне қорғаныс пен қауіпсіздік Комитеті қолдап, алдағы Сенат отырысына қарауға жіберді.