ҰКП БАСШЫСЫ БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМДЫ» ОРЫНДАУҒА ӘЗІР ЕКЕНІН ЖЕТКІЗДІ
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов бизнес-қауымдастықтардың Президент жариялаған бес реформаны жүзеге асыруға әзір екенін мәлімдеді,деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бизнес-қауымдастықтар бес институционалдық реформаны іске асыруға кірісіп кетті, комиссиялар мен жұмыс топтары құрылып жатыр. «Атамекен» палатасының барлық жұмыс топтарында барлық бағыттар бойынша белсенді түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы аталған реформаларды жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» жоспарын жария етті. Әрине, бизнес-қауымдастықтар бұл нақты қадамдарды бар ынтасымен қабыл алып, осы қадамдар бойынша әр тарапта жұмыс істеуге кірісіп кетті», - деп атап өтті А.Мырзахметов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, Ұлт жоспарында айтылған кәсіби мемлекеттік аппарат, оның бизнес пен халыққа көрсетуі тиіс сапалы қызметі кәсіпкерліктің қарқынды дамуына берік іргетас болады.
«Сондықтан біз мемлекеттік аппараттың ел халқы мен кәсіпкерлеріне көрсететін қызметін сапалы әрі тиянақты жасағанын қолдаймыз», - деді А.Мырзахметов.