ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫН ТАПСЫРДЫ
Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Президентін кезектен тыс сайлау науқанында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық штабында еңбек еткен бірқатар азаматтарға Мемлекет басшысының Алғыс хатын табыстады. Елбасының Алғыс хатын алғандардың қатарында еңбек ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері бар.
«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында менің сайлау науқаныма белсенді қатысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Өзімнің жеңісімді мен біздің ортақ табысымыз әрі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі ұтымды жүзеге асыруға арналған бағытты қолдау деп қабылдаймын. Сізге және Сіздің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, табыстар мен игіліктер тілеймін!» - делінген Алғыс хатта.
- Еліміздің жарқын да жайдары болашағы үшін барын бағалай, өткенін саралай білетін халқымыздың шынайы тілегі әлемге жол тартты және Елбасының ел мүддесі жолындағы Ерен еңбегін әрқашан жоғары қоятын сырбойылықтар, Ұлы тұлғамен бірге екендіктерін осы саяси науқанда тағы да бір дәлелдеді. Сайлау қорытындысы көрсеткендей партияға деген сенімді арттыру бойынша жүйелі жұмыс нақты нәтижесін берді және алдағы кезеңде де қоғамды «Қазақстан - 2050» Стратегиясы арнасындағы халықтық 5 реформаны жүзеге асыруға жұмылдыру мақсатында бұл жұмыстар жалғастырылады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақтық филиалмен сайлау кампаниясы кезінде Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының әлеуеті белсенді түрде пайдаланылды және сайлаушылармен және негізгі әлеуметтік топтармен жұмыс кезінде маркетингтік тәсілдер қолданылды.
Жалпы, облыс бойынша сенімді өкілдермен 6 мыңнан астам кездесу өткізіліп, 682 азамат қоғамдық қабылдауда болды.
Марапат иелері алдағы уақытта да мемлекетіміздің мүддесі жолында аянбай еңбек етіп, ел абыройын бірге асқақтата беретіндіктерін жеткізді.