ҚЫЗЫЛОРДА-ЖЕЗҚАЗҒАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ 59 ШАҚЫРЫМЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕК
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылы республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы автомобиль жолының Қызылорда облысы территориясынан өтетін 59 шақырымы қайта жаңғыртудан өтпек. Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Сонымен қатар, қалалық әкімдік жанынан комиссия құрылып, жол бойында сервистік қызмет көрсету нысандарды салу үшін 33 ірі жоба мақұлданды. Қазіргі таңда 26 нысанның құрылыс жұмыстары басталды, оның ішінде «Қорқыт ата», «Сығанақ» туристік комплекстері, ҚазМұнайГаз компаниясының жанар-жағармай бекеті секілді 3 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылды.
- Биылғы жылы «Батыс Европа – Батыс Қытай» жобасы бойынша қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау және «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 127-156 және 186-216 шақырым аралықтарының қайта жаңарту жұмыстары басталады, - дейді Е.Жүнісов.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА