ЖАС ҒАЛЫМДАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастыруымен 23 мамырда «Болашақ» университетінің Ғылыми кеңес залында республикалық жас ғалымдар байқауының өңірлік кезеңі өткізілді.
35 жасқа дейінгі жас ғалымдар арасында этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстардың байқауына өңіріміздегі жоғары, орта және арнаулы орта оқу орындарынан 10-нан астам үміткер (ғылым кандидаттары мен магистрлер) қатысып, өз бақтарын сынады.
Төрешілер 9 үміткердің арасынан 1-ші орынды «Болашақ» университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Мұрат Насимовқа, 2-ші орынды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Кенжебек Мұхтаровқа және жүлделі үшінші орынды «Сыр медиа» ЖШС жанындағы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Сәулет Сахиевке табыстады.
Жүлделі орын иелеріне планшет пен арнайы дипломдар табысталса, қатысушыларға тарихи кітаптар мен алғыс хаттар берілді. Жеңімпаз атанған алғашқы екі қатысушының жұмысы Астана қаласында өткізілетін республикалық байқауға жіберіледі.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің
баспасөз орталығы