10 ЖЫЛДАН КЕЙІН КҮЛЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТАНДЫҚ БРЕНД КИІМІН КИЕТІН БОЛАДЫ
Он жылдан кейін қазақстандықтар басынан аяғына дейін отандық киім киетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында кәсіпкер Инна Апенко мәлім етті, деп хабарлайды 24 кz.
Айта кетейік, жиында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов «Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптің дамуы» тақырыбында баяндама жасаған болатын. Он жылда 10 жаһандық бренд. Санаулы жылдан кейін ел жеңілөнеркәсібі халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болады. Кәсіпкер Инна Апенко бұған бек сенімді. Балалар киімін шығаратын бизнес-леди толағай табысқа жетудің жолдарын да айтып берді. Үкімет сағатында ұсынысын да жеткізді.
Инна Апенко, киім шығаратын компания директоры:
- Қазақстанда «Қазбренд» атауымен тігін өнеркәсібінің стратегиялық-даму бағдарламасын жасауды ұсынамыз. Яғни «10 жылда 10 жаһандық бренд». Біз осындай ұранмен жұмсауымыз керек. Әрине аталған бағдарлама аясында тек 10 брендтің атын қалыптастырмаймыз. Халықаралық нарыққа шығатындардың саны одан да көп болуы мүмкін.
Бұл телефон нөмірі ме, әлде тауардың құны ма? Депутаттар қазақстандық өнімнің бағасы жайлы осылайша әзілдейді. Десе де, тауар құнының тым қымбат болуының өзіндік себептері бар. Шикізат пен қажетті құрылғының бағасы тістеп тұр. Оған жалға алатын ғимараттың құнын қосыңыз. Тығырыққа тірелген кәсіпкерлердің бағаны шарықтатып қоюдан басқа амалы жоқ. Олардың айтуынша, егер шикізатты Қазақстаннан алатын болса, тауар құны әлдеқайда арзан болмақ. Ең бастысы, тігін индустриясының тасын өрге домалату үшін мемлекеттік қолдаудың маңызды екенін алға тартады.
Мектеп формасының жайы да бөлек әңгіме. Шетелде тігілген киімдердің құрамында синтетика көп. Ал отандық мектеп формасының сапасы жоғары, бағасы да арзан. Тек санаулы тігін фабрикасының өнімімен бүкіл Қазақстанның оқушыларын қамту мүмкін емес.
Сейітсұлтан Аимбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бір балаға шаққандағы мектеп формасының бағасы шамамен 15 мың деп алғанның өзінде де, бұл нарықтық көлемі жыл сайын шамамен 30 млрд теңге деп бағаланып отыр. Сондықтан мектепке бірыңғай мектеп формасын енгізу және оны тек Қазақстанда өндіруді міндеттеу мәселесін қарайтын уақыт жетті деп ойлаймыз.
Бүгінгі Мәжіліс қабырғасында баяндама оқыған Индустрия және даму министріне депутаттар сұрақты қарша боратты. Ол біріне жауап берсе, енді бірінің сұрағына жазбаша жауап жазатынын жеткізді. Белгілісі сол, статистика көңіл көншітпейді. Әсет Исекешовтің мәліметіне сүйенсек, ел экономикасында жеңіл өнеркәсіптің үлесі 1 пайыздан аспайды. Ал бүкіл өнеркәсіптегі үлесі 0,34%-ды құрайды. Салада ауыз толтырып айтарлықтай алға ілгерілеушілік болмаса да өткен жылдармен салыстырғанда пайыздық көрсеткіш өскен.
Әсет Исекешов, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
- Мемлекеттен қолдау бар. «Даму» қоры арқылы да нақты жұмыстар атқарылды. Ұлттық қор арқылы екінші деңгейлі банктер арқылы қаржы бөлінді. Кәсіпкерлерге әлі де жұмыс істеу керек. Бізде қазір жоспар бар. Алдағы уақытта соны жүзеге асыратын боламыз.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:
- Бүгінгі күні нарықтың 8%-ын отандық өніммен қамтамасыз етіп отыр. Бұл дегеніміз не? Демек, бұл – жеңіл өнеркәсіп саласындағы барлық бағдарлама толықтай жүзеге аспағандығының белгісі. Ол әлі кемшін тұстары бар. Десек те біздің алдымызда бұл саладағы мәселелерді шешу бойынша ауқымды міндеттер тұр.
Министр «10 жылда 10 жаһандық бренд» атты ұсынысқа қолдау көрсетуге мүмкіндік барын айтты. Демек, қазақстандық сәнқойлардың отандық бренд киімін киетін уақыты да жақындап қалды.