ЕУРОПАЛЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕЙДІ - АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ
Еуропалық ғалымдар Қазақстандағы ежелгі ескерткіштерді зерттейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы шетелдік ғылыми қоғамдастықтың тарапынан айтарлықтай жоғары қызығушылықты байқатып отыр», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, неміс, катарлық және норвегиялық ғалымдар еліміздегі архелогиялық ескерткіштерді сақтау мен зерттеу бойынша шараларға қатысады.
«Атап айтқанда, бұл тұрғыда Берел қорғаны, «Тамғалы» археологиялық ландшафтының петроглифтері, «Отырар» және басқа да маңызды тарихи ескерткіштер қамтылмақ», - деді А. Мұхамедиұлы.
Оның сөзіне қарағанда, бірнеше ай бұрын норвегиялық ғалымдардың пулы келіп, Қазақстан аумағындағы көне қорғандарда зерттеу жұмыстарын жүргізді.
«Қазіргі кезде оның нәтижелері Еуропада жарияланды. Белгілі болғандай, Қазақстанның ежелгі қоныстарындағы тұрғындардың ДНК-сы еуропалықтарға ұқсас болып шықты. Әрине, ғылым әлемінде бұл оқиға үлкен резонанс тудырды. Осы орайда жақын арада нақты бағыттарда жұмыс істейтін ғалымдардың үлкен құрамын күтіп отырмыз», - деді министр.