ОБЛЫС ӘКІМІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанаттары бір мезетте ұйымдастырылып, мектеп бітіруші түлектер алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасауда. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы №198 орта мектебі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.
- Бүгінде Егеменді Қазақстанда сіздердің сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалып жатыр. Өткен жылы ҰБТ-дан табысты өткен 240 көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балалары облыс әкімінің білім грантына ие болды. «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасымен 300-ден астам бала ЖОО-на оқуға түсті. Сонымен қатар, алғаш рет Қызылорда қаласында Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетіне (МИСИС) қабылдау емтиханы жүргізілді. Ресей мемлекетінің маңдай алды ЖОО-на талапкерлер бюджеттік негізде оқуға ие болуда. Осының барлығы да сіздердің келешекте бәсекеге қабілетті білікті маман болып қалыптасуларың үшін жасалып жатқан шаралар, - деген облыс әкімі алдағы сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларына тілектестегін білдірді.
Облыста биыл 292 мектептен 4303 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады. Олардың 227-і алтын белгіге, 69-ы үздік аттестатқа үміткер. Айта кетейік, биыл облысымыздың дарынды 84 оқушысы Қазақстан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен Халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысып, 46-сы жүлделі орындарды иеленді.