БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
25 мамырда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуінен жауын жауады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, екпінді жел соғады, деп хабарлайды BNews.kz.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады деп күтілуде. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ түседі, жел соғады. Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.