ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қазақстанда «Дәрігерлер мен мейіргерлердің ұраны - сергектік, көтеріңкі көңіл-күй және деннің саулығы» ұранымен медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы басталды. Шара республиканың барлық өңірлерінде 20 маусымға дейін жалғасады деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.
Аталған спартакиада жыл сайын Медицина қызметкерлерінің күні (маусым айының үшінші жексенбісі) және Ұлттық ойындар күні аясында өткізіледі.
Медициналық қызметкерлер шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетикалық эстафета, жеңіл атлетика, үстел теннисі, армреслинг, сондай-ақ, арқан тарту, асық, қазақша күрес, қыз қуу, көкпар және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарда күш сынасады.
ДДҰ сарапшыларының пікірінше, кәсіпорындар мен ұйымдарда дене белсенділігін арттыруға көңіл бөліп, қызметкерлерді дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру керек.
Спартакиада қорытындысы республика өңірлерінде 20 маусымда – медицина қызметкерлерінің күніне орай шығарылады.