ҚР ПРЕЗИДЕНТІ VIII АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбындағы VIII Астана экономикалық форумына қатысады.
Форумға үш мыңнан астам делегат және 200 шетелдік спикерлер қатысуда. Олардың арасында - американдық Forbes журналының бас редакторы Стив Форбс, Гарвард университетінің профессоры Кеннет Рогофф, Нобель сыйлығының лауреаттары Фин Кинланд пен Эрик Маскин бар.
Форум аясында әлемдік экономиканың болашағы, мұнай бағасының төмендеуі жағдайындағы тәуекелдер мен қажетті іс-қимылдар және орнықты өсім мәселелері талқыланады және елге жаңа ауқымды инвестициялар тартуға арналған инвестициялық форум басты басқосулардың бірі болмақ.
Астана экономикалық форумдарында жыл сайын ірі келісім-шарттар мен келісімдер жасалады. Биыл да АЭФ 2015 алаңында ұсыныстар әзірленіп, инвестициялар тарту жөніндегі бірқатар шаралар атқарылмақ.
Астана экономикалық форумы (АЭФ) - штаб-пәтері Қазақстанда, Астанада орналасқан диалог үшін халықаралық және өңірлік тұғырнама. Ол жыл сайын өткізіліп келеді. Жалпы алғанда, АЭФ-ке жүз елден он мыңнан астам делегаттар, соның ішінде кәсіпорындардың атқарушы директорлары, саясаткерлер, журналистер, ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысуда. Астана экономикалық форумы әлемдегі ірі халықаралық форумдардың бірі.