ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады.
Жиналыс барысында Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірмелер беріліп, қабылданған өзгерістер табиғи монополия субъектілерінің қызметінде әкімшілік кедергілерді қысқартуға, инвестициялық бағдарламалар мен өзге де міндеттемелерін орындауға бақылауды күшейтуге, тариф белгілеудің және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталғандығы атап өтілді.
Табиғи монополия субъектілерінің қызметінде әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында Заңда қуаттылығы аз субъектілерге жататын табиғи монополия субъектілерінің тізімін кеңейту; реттелетін қызметтерге жатпайтын табиғи монополия субъектілерімен өзге қызметті жүзеге асыруға тыйым салуды 2017 жылғы 1 қаңтардан алып тастау; субъектімен акцияларды сатып алуды, жөндеуге бағытталған шығындардың жылдық сметасын, негізгі құралдарды қайта бағалауға және есеп саясатына уәкілетті органнан алдын ала келісім алуды алып тастау; инвестициялық бағдарламаны уәкілетті және салалық мемлекеттік органмен бір уақытта қарау және бекіту көзделген.
Заңның маңызды бағыты ретінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламалар мен өзге де міндеттемелерін орындауда бақылауды күшейту, уәкілетті органмен бекітілетін және барлық табиғи монополия аясындағы кәсіпорындармен орындалуы міндетті болатын қызметтер стандартын енгізу болып табылады. Сонымен қатар, интернет-ресурстарда орналастырылатын субъектілердің және уәкілетті органның қызметтері туралы ақпараттардың тізімін кеңейту, өткізілетін жария тыңдаулар туралы тұтынушыларды алдын ала хабардар ету мерзімдерін ұлғайту қарастырылған.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тариф белгілеу тетігінің ашықтығын арттыруға және сыбайластық тәуекелін төмендетуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал ететін болады.