АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЕЛІМІЗДЕ АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жауын жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ түседі, екпінді жел соғады. Тек республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады», - делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.
Бұған қоса, синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері нөсер жауыннан Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су тасуы мүмкін.