23 МАМЫРДА ЕЛІМІЗДЕ «ОЛИМПИАДА КҮНІ» АТАЛЫП ӨТПЕК
Алдағы сенбіде Астана мен Алматы қалалары және барлық өңірлерде түрлі спорт сайыстары, веложарыстар мен жаппай жүгіру болады. Бұл шара Халықаралық олимпиада комитетінің мұрындық болуымен қолға алынуда, деп хабарлайды 24 кз.
Биыл 200-ге тарта елде түрлі спорт жарыстары өтпекші. Әр облыс орталығының бұл күнге өз жоспары бар.МәселенАлматыда веложарыс өтеді. Ол Орталық стадионға дейін созылып, сол жерде спорттың сегіз түрінен сайыс ұйымдастырылады. Барлық қатысушыларға Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың қолтаңбасы бар сертификат пен жейде сыйға тартылмақ. «Қозғал, Зертте, Жаңа дүниелерді аш! » - бұл дәстүрге айналып үлгерген спорт мерекесінің жаңа концепциясына айналып отыр.
- Бұл жерде Халықаралық олимпиада комитетінің сертификаты мен жейдесін алуды былай қойғанда, ең бастысы – идеяның өзі, оны өткізу концепциясы. Бұқаралық спорт, оған көпшілікті тарту. Таныстарыңызды шақырыңыздар, олар да қатыссын, көрсін, - дейді ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков.