ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ОҚУШЫЛАРМЕН БІРГЕ СЫНАМА ТЕСТ ТАПСЫРУДА
Қызылордалық мұғалімдер мектеп бітіруші түлектермен бірге тест тапсырып жатыр. Бұл мұғалімдердің білім деңгейін анықтаудағы тәсілдің бірі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Биыл Қызылорда облысында 6452 оқушы мектеп бітереді. Соның 67 пайызы ҰБТ таспсыруға ниет білдіріп отыр. Жиында облыстық білім басқарамасының басшысы Б.Сайлыбаев сынаққа облыстың мектеп бітіруші түлектерінің дайындық барасын баяндап берді. Жалпы «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 227. Үздік аттестатқа 69 оқушы үміткер. Ал ҰБТ-ға қатысудан бас тартқан 2149 оқушы мектепте мемлекеттік емтихан тапсыратын болады.
Айта кетейік, биылғы мектеп бітірушілердің 58-і халықаралық деңгейде ғылыми жобалар қорғап, ЖОО-ның мемлекеттік оқу грантын алдын-ала жеңіп алып отыр. ҰБТ-ны тапсыруға арналған 9 тестілеу орталғы бар. Оның екеуі облыс орталығында қалғандары ауданда орналасқан. Барлық нысан ереже талаптарына сәйкес жабдықталған. Бейнебақылау барлық ғимаратта болуы шарт. Бұл мәселені біз бұған дейін толық шешкенбіз, - деді Б.Сайлыбаев.
Сынаққа қатысатын түлектердің 1612-і алыс және жақын елді мекендерден тасымалданады. Бұл ретте мектеп бітірушілерге 143 тасымалдау көлігі қызмет жасайтын болады. Мектеп бітірушілердің жатын, тамақтанатын орындары белгіленді.
– Оқушылардың қауіпсіздік шаралары басты назарда болуы керек. Жол қауіпсіздігі, санитарлық тазалық барлығы қатаң бақылауда болсын. Ауылдық жерлерде математика, физика пәндері бойынша балалардың көрсеткіші төмендігі байқалып жүр. Сондықтан мұғалімдердің кәсібилігін көтеру қажет. Яғни, оларда сынама тест тапсырғандары жөн. Арал және Жаңақорған аудандарында оқу-сауықтыру орталығы жұмыс жасауда. Мұнда даярлықтан өткен оқушылардың білім деңгейі артып келе жатқандығы байқалады, - дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы ҰБТ-ге дайындық барысы өз деңгейінде жүргізілуде. Оқу жылының басынан мектеп бітірушілерден сынама тест алынуда. Сынама тест қорытындысы талданып, жақсарту шаралары қарастырылуда. Қыркүйек айында алынған сынама тесттің орташа балы 61,3 болды. Мамыр айындағы нәтиже 84,7 балды құрады.
Айта кетейік, биыл ҰБТ-ге қатысушыларды аудиториялары емес мектептері бойынша кіргізу көзделген. ҰБТ тапсыру барысында оқушы ұялы телефон пайдаланған жағдайда мемлекеттік комиссияның келісімінсіз аудиториядан шығарылады. Сондай-ақ, жауап парағына түлектің аты-жөні емес, ЖСН нөмірі жазылады. Оқушының жалпы оқу мерзімі мен ҰБТ бағасының орташа арфеметикалық бағасы шығарылып, атестатқа қойылатын болады.