БҮГІН VIII АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Бүгін VIII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастайды.
Форумға шамамен 90 елден 3 мыңға жуық делегат келеді. Олардың қатарында 200-ге жуық вип-спикер, мәселен премьер-министрлер, парламент мүшелері, қаржы институттарының өкілдері, Нобель сыйлығының иегерлері, халықаралық ұйымдар басшылары және белгілі ғалымдар болады.
22 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ.
Сондай-ақ, форум аясында небәрі екі күннің ішінде, яғни 21-22 мамырда отызға жуық сессия өтеді. Олардың барлығы экономикадағы әлеуеті зор салалардың бірі - инфрақұрылымды дамыту тақырыбына арналады.
Айта кетейік, форумды ұйымдастыруға БҰҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰ ДБ, Дүниежүзілік банк сияқты іргелі ұйымдар атсалысып отыр.
Алқалы жиын биыл тұңғыш рет "жасыл" экономика элементтері бойынша өткізіледі. Қатысушыларға таратылатын материалдардың бір бөлігі қайта өңдеуден өткізілген өнімдерден жасалған. Сонымен қатар, форум биыл алғаш рет "ақылды" навигация қолдану арқылы ұйымдастырылады. Яғни, жуық арада қатысушыларға арналған ұялы телефонға орнатылатын бағдарлама жасалады. Сол арқылы мәртебелі меймандар тек Тәуелсіздік сарайында ғана емес, сонымен қатар Астанада да бағыттарын жаңылмай табатын болады.
Сонымен бірге, Астанадағы экономикалық форум - 2015 аясында өтетін «Жаңа Жібек жолы» IIІ Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумына әр түрлі елдерден 200-ден астам темір жол әкімшіліктері өкілдері қатысады деп күтілуде.