ТӘЖІКСТАНДА ҰҚШҰ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСТЕРІ ХАТШЫЛАР КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20 мамырда Тәжікстанның Согдий облысының орталығы - Худжант қаласында ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылар комитетінің (ҚКХК) кезекті отырысы болып өтті. Бұл шарада қазақстандық делегацияны Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев басқарды.
Халықаралық қауіпсіздіктің ең маңызды проблемалары және ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің қыр көрсетулер мен қауіптердің алдын алулары бойынша шаралары туралы баяндаманы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа жасады.
ҚКХК жұмысының барысында тараптар Ауғанстандағы жағдайдың ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағына әсері, лаңкестік ұйымдардың әрекеттеріне қарсылық ету шаралары, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның базалық оқу мекемелері, ұйымдары мен полигондарының жұмысына қатысты мәселелерді ортаға салды.
Жедел іс-қимыл ұжымдық күштердің бағыттары бойынша міндеттерін орындаулары бойынша шұғыл тексерістің қорытындылары шығарылды.
Бұған дейін хабарланғандай, ҰҚШҰ ЖҚҰК-нің құрамына кірген қазақстандық әскери контингент Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көліктік авиациясымен Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонына жеткізілді. Өткізілген тексерудің барысында біздің әскери қызметкерлеріміз жоғары тәртіптілігі мен жауынгерлік дағдыларын таныта білді.
Отырыстың жұмысына қазіргі кезде ҰҚШҰ Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылатын Қазақстанның Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, сондай-ақ Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Ағыбай Смағұлов қатысты.
ҚКХК отырысының аясында Н.Ермекбаевтың Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армениядан келген әріптестерімен екіжақты кеңестері өткізілді.