ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Мексика, Венесуэла, Конго Республикасы, Корея Халық-Демократиялық Республикасы, Судан Республикасы және Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстанда қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады.
Мемлекеттік хатшы Мексика, Венесуэла, Конго және КХДР-дің уәкілетті өкілдерін «ЭКСПО 2017» өткізу құқығын алуда Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткендеріне, сондай-ақ Мексика, Венесуэла, Сальвадор және КХДР-дің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағандары үшін алғысын білдірді.
Гүлшара Әбдіқалықова Мексика Елшісі Марта Елена Барсенамен әңгімелесу кезінде Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы Бразилиядан кейінгі ірі сауда серіктесі екенін атап көрсетті. Қазақстан мен Мексика арасындағы 2014 жылғытауарайналымы 120,8 млн. АҚШ долларын (экспорт – 791,0 мың АҚШ доллары, импорт – 120,0 млн. АҚШ доллары) құрады. Мемлекеттік хатшы 2015 жылға жоспарланып отырған Қазақстанда Мексиканың Елшілігін ашылуымен тікелей дипломатиялық қарым-қатынасты орнату еларалық байланыстарды саяси және экономикалық қана емес, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да тереңдетуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Екіжақты кездесу барысында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудың жай-күйі мен келешегі талқыланды. Г.Әбдіқалықова атап көрсеткендей, жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздің мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келеді. Осыған орай, дипломатияның табысы өзара іс-қимылдың қол жеткізілген деңгеймен айқындалады.
Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды кеңейтудің өзара терең мүдделестігін танытты. Олардың қатарында, қаржы, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі салаларында, азық-түлік өнімдері өндірісіндегі, баламалы энергетикадағы және басқа да салалардағы ынтымақтастықтар бар.
Мемлекеттік хатшы аталған мемлекеттердің төтенше және өкілетті өкілдерінің қызметтері біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық әлеуетін арттыруға ықпал ететініне үміт білдірді.