ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮШТІ ЖЕЛ СОҒАДЫ
Алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында күшті жел соғып, жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz.
«Батыс Сібір аумағындағы циклон Қазақстанның солтүстік бөлігіне әсер етіп отыр. Бұнда жел екпіні кей жерлерде 30-32 м/с дейін жетті. Циклон Шығыс Сібірге ауғанымен, суық атмосфералық ағымдар тағы үш тәулік бойы Қазақстандағы ауа райына ықпал ететін болады. Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, жел 20-28 м/с дейін күшейеді, температура көпжылдық орташа температурадан 2-5ә-қа төмендейді. Тек батыс облыстарда жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды», - делінген «Қазгидромет» мәліметінде.
Сондай-ақ, Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды.
«21 мамыр күні батыс, солтүстік-батыстан соққан жел күші 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді», - дейді синоптиктер.