ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда қаласында көптен күткен шыны шығару және өңдеу зауытының қазығы қағылып, құрылысы басталды. Бұл өндіріс Қызылорда қаласы, Титов мөлтек ауданында орналасқан индустриялдық аймақта бой көтереді. Зауыт жылына 197 мың тоннадан астам табақша шынысын шығармақ. Шыны өндірісіне қажетті шикізаттың 95 пайызы жергілікті жерден. Яғни, Арал ауданының кварц құмы, доламит пен әк тасы пайдаланылады. Тек сырттан келетін кальцийлендірілген сода шикізатын болашақта «Аралтұз» АҚ-мен біріге отырып өңірімізде өндіру жоспарлануда.
Жобаның жалпы құны 52,1 миллиард теңге. Қаржының 80 пайызын «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ бөлсе, қалған 20 пайызын «Steward Engineers» АҚШ компаниясы инвестор ретінде қаржыландырмақ. Ал құрылыс жұмыстарын «Orda Glass Ltd» ЖШС-гі жүргізетін болады.
- Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан аталған зауытқа арнап 50 гектар жер бөлінді. Бюджет есебінен негізгі инженерлік инфрақұрылымдар тартылды және жобаны жүзеге асыруға биылғы жылы 1,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Құрылыс алаңын тегістеу, қоршау жұмыстары аяқталды. Бүгінде бұл жердің инженерлік инфрақұрылымы толықтай шешілген. Яғни, су, телефон, газ, кәріз желілері тартылып, тас жол төселді, - деді облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.
Құрылысшылар зауыт қоймасының іргетасын құю жұмыстарын бастады. Қойманың ұзындығы 300 метр, ені 150 метр. Қазіргі таңда 11 техника жұмылдырылып, 30-дан астам адам еңбек етіп жатыр. Құрылыс жұмысы ұлғайған кезде 200 адам жұмыс жасайтын болады. Ал зауыт толық іске қосылғанда тұрақты 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Зауыт 2017 жылдың қазан айында іске қосылатын болады.
Сонымен қатар, осы зауыттан алдағы уақытта «Экспо 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында энергия үнемдейтін шыны шығару жоспарлануда.