МЕКСИКА ҮКІМЕТІ ЖЕРСЕРІГІН «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН ҰШЫРЫЛУЫН ТОҚТАТУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН
Мексика үкіметі «Протон М» зымырантасығыш апатының салдарынан жоғалып кеткен Centenario (MexSat-1) жерсерігін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылуын тоқтатуды жоспарлаған болатын, деп хабарлайды РИА новости Мексика елінің байланыс және көлік министрінің орынбасары Моника Аспенің сөзіне сілтеме жасап.
«Келісімнен шығып, басқа да баламасын табу мүмкіндігі қаралып жатқан болатын. Бірақ келісім-шартты бұзған жағдайда 60 млн. доллар өтемақы төеген болар едік. Сондықтан бұл сомманы төлеу мақсатсыз деп табылып, ұшыру жобасын жалғастыру туралы шешім қабылданды», - дейді Аспе.
Бұған дейін Мексика елінің байланыс және көлік министрі Херардо Руис Эспарса құны 390 млн. доллар тұратын жерсеріктің ұшырылуы сақтандырылғанын, сол арқылы жерсерікті жасауға және ұшыруға кеткен қаражатты толықтай қайтарып алуға болатынын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, 16 мамыр күні таңертең "Байқоңырдан ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышының үшінші сатыдағы қозғалтқышынан ақау шыққанын, зымыран тасығыш орбитаға апаруы тиіс MexSat-1 спутинігі жоғалып кеткен еді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА