ОБЛЫСТАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФТЕРІ ӨЗГЕРІССІЗ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық телекоммуникация орталығында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Өтегенова облыстағы коммуналдық қызметтерге қалыптасөан тарифтер жағдайы туралы брифинг өткізді.
- Жыл басынан бастап қазіргі кезге дейін реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің тарифтері, электр энергиясы тарифтерінен басқасы өзгеріссіз, өткен жылдың тарифтері деңгейінде болды, - деді Гүлмира Өтегенова. – Электр энергиясының өсу себептері «КЕГОК» АҚ-ның тарифі өткен жылдың 1 қарашасынан 50 пайызға өсуіне байланысты осы жылдың 10 қаңтарынан бастап 3 энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тарифтері, ұсынылған 15,31 пайызға дейінгі жобаның орнына 8,9 пайызға дейін өсті. Осы себепті электр энергиясы тарифтерінің өсуі жыл басынан бері еліміздің барлық аймақтарында орын алды.
Шынар БЕКБАН