ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС БЕРДІ
Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің отырысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Налібаевқа қалалық білім бөлімінің басшысы М.Аралбаевты қызметінен босату жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
«Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы М.Аралбаевтың тәртіптік ісі қаралды. 2014 жылда түскен азаматтардың өтініштерін қарау барысында мерзімдерін сақтамағандығы және балаларды балабақшаға жолдау кезектілігі мүлдем сақталмай, балабақшаларға жолдама алуға бұрын тіркелген балаларға жолдама кезек реттілігімен берілмей, Бөлім тарапынан басқа жасөспірім балалардың құқықтары өрескел бұзылуына жол берілген.
Сонымен қатар, бөлім басшысы М.Аралбаев өз өкілеттігінде көзделмеген бұрыс әрі толық емес ақпарат бергендігі анықталған. Яғни, Бөлім басшысы М.Аралбаев өз әрекеттерімен ҚР Президентінің 03.05.2005 жылғы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі» (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасы қағидалары) 2 бөлімінің 5 тармағының 1, 3 тармақшаларында және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 бөлігінің 4, 7, 10, 12 тармақшаларында көзделген талаптардың бұзылуына жол берген», - делінген хабарламада.
Алайда, Тәртіптік кеңес М.Аралбаевтың әрекетінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің 5 тармағының 1, 3 тармақшаларында көзделген талаптар бұзылған деп көпшілік дауыспен тауып, қала әкіміне оған Ар-намыс кодексі тұрғысынан «атқаратын қызметінен босату» тәртіптік жазасын қолдану жайлы ұсыныс білдірді.

Комментарии 2