Д.НАЗАРБАЕВА БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНЕ БАЛАМА ОҚУЛЫҚТАРДАН БАС ТАРТУДЫ ҰСЫНДЫ
Мектептегі балама оқулықтардан міндетті оқулық ретінде бас тарту қажет. Бүгін Мәжілісте оқулықтардың сапасы және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз етуге арналған Үкімет сағатында палата төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді.
«Біз әлі күнге дейін министрлікпен бірегей оқулық базасын құру туралы және міндетті ретінде балама оқулықтардан бас тарту мәселесінде ортақ түсіністікке келе алғанымыз жоқ. Әрине, балама оқулықтарға ешкім қарсылық жасап отырған жоқ, мектептер оны сатып ала берсін, кітапханаларын толықтырсын. Мәселе онда емес. Егер мұғалім қажет деп санаса, онда оның өзі кітапханаға барып сол оқулықты алар еді. Егер оқушы мектеп оқулығынан алатын білімге қанағаттанбаса, онда кітапханаға барып, сол жерден ол да білімін толықтыра алады. Қазір бізде мектеп оқушыларында ақпараттар алуға, оларды өңдеуге толық мүмкіндіктер баршылық», - деді Д.Назарбаева жиынды қорытындылай келе.
Вице-спикердің айтуынша, балама оқулықтарға қомақты қаражат жұмсаудың қажеті шамалы.
«Кейде баспалар меценаттар, қайырымдылық жасаушылар өз қаражаттарымен мемлекетке қамқорлық жасап отыр дегенде де бір қулық бар тәрізді», - деп атап өтті Д.Назарбаева.
Сонымен қатар вице-спикер министрдің оқулық шығаруға 2,3 млрд. теңге жетіспейді деген сөзін де келтіріп өтті.
«Егер министрлік міндетті ретінде балама оқулықтар шығару тәжірибесінен бас тартатын болса, онда бізге әлгі шығыстарды жабуға да қаражат табылатын еді», - деді депутат.