ВОЛЕЙБОЛДАН АЙМАҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Арал ауданы Қосжар ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қосжар ауылдық округі әкімі аппараты және №67 Қосжар орта мектеп ұжымының ұйымдастыруыменен волейболдан мектеп қызметкерлері арасында аймақ біріншілігі өтті.
Жарысқа Бөген, Қамбаш, Қызылжар, Қаратерең, Ақбай, Құмбазар, Аманөткел, Бекбауыл, Қосжар, Қарашалаң ауылдарынан барлығы 10 команда қатысты. Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде І-орында №20 Бөген орта мектебі, ІІ-орында №73 Аманөткел орта мектебі, ІІІ-орынға Қосжар орта мектебі ие болды.
Жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлерін Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары, спорт кубоктары және медальдарымен марапатталды.