АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЕЛІМІЗДЕ ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғып, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Таяудағы үш күнде циклон ықпалынан еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер жауын жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы қалыпты нормадан 2-3 градусқа төмен болады», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Бұған қоса, синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері өзендерде су деңгейі ауытқиды.