«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ
Осыдан 19 жыл бұрын Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің базасында ашылған «Болашақ» университеті аккредитациядан өтті.
- «Ұлттық және халықаралық деңгейде аккредиттеу шаралары мен академиялық ранжирлеу арқылы еліміздің жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат еткен агенттік бүгінгі таңда еліміздегі 41 жоғары оқу орнын аккредитеттеді. Елімізге танымал Алматы, Астана қалаларындағы бірнеше жеке оқу орындарымен қатар, аталмыш куәлікті иелену университет ұжымы мен студенттерінің еңбегі деп білеміз»,- дейді «Болашақ» университеті ректорының міндетін атқарушы, саяси ғылымдарының кандидаты Мұрат Насимов.
Университетте бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру, медицина мамандықтары бойынша 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 3 факультетте, 10 кафедрада, 2 колледжде білім беру жүргізілуде. Бүгінде оқу орны еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қоғам мен мемлекет үшін өзектілігі басым әрі қажеттілігі мол жоғары дәрежелі кадрлар даярлауға мән беріп отыр.
Университет еліміздің әлеуметтік-саяси дамуы басымдықтарына сәйкес, кешенді іс-шаралар негізіндегі алдағы бес жылдыққа дамудың стратегиялық жоспарын жасады. 12 бөлімнен тұратын жоспар университет келешегінің жаңа баспалдағы болмақ.
Шынар БЕКБАН