БИЫЛ ҚАЗАЛЫДА ОННАН АСА ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА
Қазалы ауданында үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы оң өзгерістер қалыптастыруда. Үстіміздегі жылы Қазалыда оннан аса жобаны іске асыру жұмыстары жасалуда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
- Қазалы ауданында индустриалды зонаны жүзеге асырып және дамыту республикалық бюджеттен қолдау тауып, өткен жылы 153,6 млн. теңге бөлініп, тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілді, - деді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап. – Қазіргі уақытта аудан кәсіпкерлері жер учаскесін игеру жұмыстарын жүзеге асыруда.
Бақытжан Жарылқаптың мәлімдеуінше, биыл Қазалы ауданында оннан аса өндіріс орындары пайда болмақ.
- Мәселен, «Ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру цехын іске асыру» жобасы, құрылыс материалдарын өндіру секілді жобаларын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр, - деді ол. - «Алкоголсіз сусындар шығаратын цех құрылысы» жобасы, «Күріш өнімдерін өңдейтін және ұн сақтау қоймасын кеңейту» жобасы, «Жылыжай салу жобасы», «Руберойд шығару цехын салу» жобасының бизнес жоспары, «Тері өңдеу цехын салу» жобасы бойынша бизнес жоспарлары әзірленуде.