ӨҢІРДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Қызылорда облысында үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жобаларды жүзеге асыру жалғасын табуда. Олыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған пресс-тур барысында аймақ экономикасының көшін түзейтін бәсекеге қабілетті өндіріс ошақтарының бірқатарының тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Бүгінгі күні өңірде өнеркәсіптік кешенді саласының тігісі жазыла бастаған. Соның далелі ретінде жалпы жобалық құны 800 млн. теңгеге жуық болатын үш инвестициялық жобаны атап айтуға болады. Соның бірі «Хуа Ю интернационал в Кызылорде» ЖСШ-ның «Химиялық реагенттер өндірісінің көлемін ұлғайту» жобасы. Бұл облыста мұнай өнімдерін өңдеуде пайдаланатын химиялық реагент шығаратын бірден-бір компания болып табылады. Қазіргі таңда отызға жуық жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған өндіріс орнының қуаттылығы жылына 2 мың тонна. Кәсіпорын 5 түрлі өнім шығарады. Бұрын реагентті шетелден екі есе бағамен сатып алатын «СНПС Айдан мұнай» АҚ және «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсиз» АҚ секілді ірі компаниялар осы күні аталмыш компаниямен келісім-шартқа отырып, арзан әрі сапалы тауарын қолданып отыр. Мекеме өндірістің толық жүйесімен, заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған, түгелдей автоматтандырылған.
Ауылшаруашылық саласында өзіндік орны бар «Жан Арай Жем» ЖШС-нда индустрияландыру картасы аясында «Құрама жем өндіру» жобасы мемлекет пен жеке меншік әріптестік негізінде жүзеге асырылуда. 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 156,1 млн. теңге бөлініп, сыртқы инженерлік инфрақұрылым жеткізілген болатын. Жобалық құны 280 млн. теңге тұратын агрокешен болашақта тәулігіне 80 тоннаға дейін құрама жем шығара алады. Сондай-ақ, кешенде күріш зауыты мен макарон өнімдерін шығаратын цехтың құрылысы қатар жүруде. «Жан Арай Жем» ЖШС-ның құрылтайшысы Бақдәулет Махановтың айтуынша, германдық құрал-жабдықпен жабдықталған өндірістің құрылысы аяқталып, іске қосу алдында алғашқы тәжірибелік құрама жем шығарылды.
Келесі нысан – «РМЗ-Шапағат» ЖШС-мен салынып жатқан үй құрылысы комбинаты. Қызылорда қаласының оңтүстік өнеркәсіптік аймағының м28 гектар жер телімін алып жатқан өндіріс құрылысқа қажетті темір-бетон бұйымдарын шығармақ. Жылына 80000 м3 дайын өнім шығаратын өндірістің жобалық құны 1454 млн. теңге. Комбинатқа қажетті технологиялық құрылғылар германиялық «Weiler» компаниясынан сатып алынған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 67 пайызы орындалып, нысанның іске қосылуы үстіміздегі жылдың шілде айына жоспарланып отыр.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА